Мектептегі іс-шаралар

Рассмотренных обращений: 3
Не рассмотренных обращений: 0

Авиамоделизм
Автор: Сауан Гулсара

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

     Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

     Мақсаты:Ата-бабадан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал-мәтелдердіоқушыларға үйретіп ұғындыру;

    Ой белсенділігін сөздік қорын молайту;

     Отбасы дәстүрін сақтауға , ата-аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жоспар:

-Ойынды ашу

- Ойыншыларды таныстыру

- Қазылармен таныстыру

- Ойын тәртібін түсіндіру

- Мақалшылар сайысы

- Көрермендермен ойын ( Мақал- мәтелден айтыс)

- Жұмбақшылар сайысы

- Көрермендермен ойын ( Жұмбақ шешу )

- Мақалшы  мен жұмбақшы сайысы

- Абайдың қара сөзі

- Ән шашу

- Қорытынды

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ »сайысын бастауға ұрықсат етіңіздер.

 Жаз мезгілі сәніміз,

 Балдәурен біздің әніміз.

 Біз бастадық сайысты ,

 Қош келіпсіз бәріңіз.

1-   айналым : Мақал айту.( Сайысқа қатысатын оқушылар шақырылады )

     Мұғалім:  Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін , әр айналымның есебін шығарып,қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейік.

1-   айналым 3 тапсырмадан тұрады.

1- тапсырма: Әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады.

2- тапсырма : Мақалдың алғашқы жолы оқылады , ал ойыншы жалғастырады. ( Жалғастыра алмаса көрермен жалғастырады)

1. Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

2. Ананың сүті- бал,

    Баланың тілі- бал.

3. Ұлдың ұяты әкеге,

    Қыздың ұяты шешеге.

4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да,

   Қарызынан құтыла алмайсың.

5. Көп жасаған білмейді ,

    Көпті көрген біледі.

6. Әдепті бала- арлы бала,

    әдепсіз бала сорлы бала.

7. Қарт кісіні қадірле,

    Өзіңде қарт боларсың.

8. Туған жердің қадірін ,

    Шетте жүрсең білерсің.

9. Қына тасқа бітеді,

    Білім басқа бітеді.

10. Сөздің көркі – мақал,

      Жүздің көркі – сақал.

2-   тапсырма : Бірінші ойыншы мақал айтады, екінші ойыншы сол мақалда кездескен сөзі бар келесі мақалды айтады.

    Көрермендермен ойын ( айтыс )

Ұлдар мен қыздар болып екі топ құрып мақал айтысады.

 

2- айналым: Жұмбақ шешу сайысы. Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың 2- айналымына қатысатын жұмбақшыларымызды шақырамыз.

Мұғалім: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады.

 1- тапсырма: жүргізуші жұмбақ айтады , ойыншы шешуін табады.

 1.  Жаурағанда күлдірер,

      Өз еркіне жіберсең.

      Дүниені бүлдірер.                От

2.  Аласа ғана бойы бар,

     Тоғыз қабат тоны бар.                 Пияз

3.     Асқар тауда қалың орман,

Оны кейде шөптей орған.          Шаш

4.     Сақалы жоқ, шашы бар, бет- аузы жоқ басы бар,

Бетін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.

                                                                 Сыпырғыш

5.     Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың.

                                               Мектеп

6.     Бетін адам ашады,

     Білім нұрын шашады.        Кітап

7.     Қалпақты шымырды,

Төбесінен ұрады.

Түзетуге қыңырды,

Дәйім дайын тұрады.         Балға

8.     Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды.        Автобус

9.     Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмді ,

Кім бар далада жеп көрген ?     құрт

Мұғалім: 2-тапсырма екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап келген жұмбақтарын бір- біріне айтып шешуін табады.

2- айналым жеңімпаздары анықталып 3- айналымға қатысады.

Көрермендермен ойын

Ұзын мұртты сарылар ,

Қойнында оның наны бар.         Бидай

Күмбір –күмбір күйі бар,

Құлағыңа құйып ал !                  домбыра

Тақылдатып таңдайды,

Уақыттан бір қалмайды.          Сағат

Маған да, саған да

Жақын туыс –бес адам.

Үш әріптен тұратын ,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұртың,

Айтады кәне кім атын?        (ата, ана, апа, аға, іні )

 Мұғалім: 3- айналымға 2 айналымның жеңімпаздары шығады. Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табады. Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.

1.    Баласымын даланың,

Туғаннан дақсыз қарамын.

Қыс келсе жұртты жылатып,

Үйді үйге барамын.                         Көмір

Еңбексіз өмір- сөнген көмір .

2.    Сөзі дана үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолына алсаң –шешен,

Ақылы асқан көсем.                 Кітап

Кітап –білім  бұлағы,

Білім - өмір шырағы .

          3  Төңкерілмейтін күбі,

Көтерілмейтін күбі,

Шүпілдеп – ақ тұрса да,

Көрінеді күбі.                       Құдық

Оқу инемен құдық қазғандай. Мұғалім: Соңғы айналымға жеңімпаз шығады. Абайдың қара сөзінен үзінді оқылады. Нешінші қара сөзінен үзінді оқылғанын айту керек.

Қорытынды:

Оң қанатым -әкем,

Сол қанатым –анашым.

Қос қанатың болғанда,

Табар өмір жарасым.

Қарап тұрып шекені,

Шымшылады сан күдік.

Қанатымның екеуі сау болса екен мәңгілік .

Ән шашу жалғасын табады.

 

 


Просмотров: 1865
Дата создания: 09.06.2011
Дата редактирования: 09.06.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource