Окушылар жетістігі

Рассмотренных обращений: 3
Не рассмотренных обращений: 0

Мектепалды лагері
Автор: Жанаткызы Арнагул

Сегиз сери

                                           Кіріспе

 

Сегіз сері жайында жазуыма не себеп болды, қазақ әдебиеті мен өнері жайында, бұрын белгісіз осы есім қалай жарыққа шыққаны туралы тоқталайын. Бүкіл Қазақ жерін дүрліктірген қос тарлан Йсатай мен Махамбеттің жақын батыр сардарларының бірі-Сегіз сері есімі кезікті.  Ол кәдімгідей  жанды бейне ретінде көзіме елестеді. Оның өміріне қызыққаным соншалық, Сегіз сері тақырыбынан айырлғым келмеді. Өте қатты қызықтым. Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдыз туралы білгім келді, ізденгім келді. Соған қоса, бұдан бірнеше жыл бұрын қазақтың өнер адамдарының өмірін көп зерттеген жазушы, марқұм  Тәкен Әлімқұловпен жолыққан  Нәбиден Әбуталиев Сегіз сері хақында әңгімелескенінде ол: «Иә, өткен ғасырда Арқада сондай өнер иесінің болғаны шындық. Сегіз сері табиғаттың өзі құя салған құйма таланты. Қол бастаған батырлығы  мен палуандығы өз алдына. Ол ақындығы мен әнші, күйші, қисса-жыр айтушы жырау, қобызшы, сыбызғышы,ән шығарушы әйгілі композитор, әрі он саусағынан өнер тамған бес аспап шебер-оюшы, өрімші, ерші, уық кереге,шаңырақ, кебеже,домбыра жасаушы яғни сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Халықтың оған Сегіз сері дер ат қоюы да тегін емес»,-деген-ді.

         Орал облысының Орда ауданында  көп жыл ұстаздық қызмет еткен, марқұм Зарипов Ғұмар бір кездесуде Сегіз серінің әндерін Нәбиден Әбуталиев ағамызға айтып берген жері бартұғын. Педагог –шежіреші бізді өзі білетін  мол деректерімен таныстырды. Әсіресе, ол елге кеңінен таралған «Ақбұлақ» әнінің шығу тарихы жайында егжей-тегжейлі әңгімелеген еді. Ел ішіндегі осы әнді тамаша орындайтын ақсақалдың аты-жөнін айтқанда осы  кісі еді.  Сегіз серінің әндері мен өлеңдері , жыр-дастандары өткен өміріміздің асыл қазынасы екенін,Өз бетімше кітаптардан, газеттерден, ақпарат құралдарынан Сегіз сері туралы мәлімет  іздеп,зерттегенім дұрыс екенін жақсырақ түсінгендей болдым...

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              Сал- серілік өнер туралы

         Сал-серілік дәстүрі-қазақта өте ерте дәуірден келе жатқан халықтың тіршілігіне көп жаңалық әкеліп,әдебиетке игі әсерін тигізген мәдениетіміздің бір жарқын үлгісі. Қазақ ауыз әдебиетіне жүгінсек, ескі дәүірдегі серілік өнерді бастаушыладың бірі-Қорқыт ата.  Осы арада ертеде белгілі дәстүрге айналып кейінірек баяулап қалған сал-серілік өнердің XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Арқа елінде, яғни Сарыарқада қайта дами бастағанын еске сала кетелік. Оған әу бастан мұрындық болған Дәстем сал Қарабасұлы  мен оның шәкірті Дүйсен сері екенін осы күнгі оқырманның біреуі білсе, біреуі білмес.

         Сал-серілер өз жанынан өлең, ән-күй шығарып, оны халық алдында орындап беріп, көпшілік қауымның сүйіспеншілігіне бөленеді,сөйтіп ел-жұрттың алғысын алады. Олардың өзгелерден бір айырмашылығы ақындығы,әншілігі,күйшілігі әрі сауыққойлығы,яғни осындай жаратылыс ерекшелігіне тән. Сонымен бірге, сал-серілердің тағы бір қасиеті ұшқыр ойы мен ашық жарқын мінезі, сыпайылығы және өмірге құштарлығы,әсемдіктен ләззат ала білуі. Сал-серілер тек әнші, ақын,күйші ғана емес,алдымен атақты мерген,сұңқар,лашын,тұйғынмен құс ілгізген саятшы, тұлпар аттың ең жүйрігін, ең сұлуын таңдап мінетін ат ойының бапкері, он саусағынан өнері тамған теңдессіз шебер, керемет зергер де болған.

         Сегіз серінің  өмірбаяны. Ұлы қаламгер Ғабит Мүсіреповтың өзі «атақтының атақтысы» деп баға берген Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов-қазақ халқының маңдайына біткен шоқтығы биік қайталанбас біртуар перзенттерінің бірі.

         Солтүстік Қазақстан облысының орталығы бұрынғы Қызылжар шәһарынан Есілдің қар жолы деп аталатын ескі керуен жолымен күнбатысқа қарай үш көш жер жүргенде жолдың екі беті көк шалғынды кең жазық, бір-бірімен жалғасып жатқан ну орман. Бұл орманға белгілі Қожаберген жыраудың әкесі әскербасы, батыр, әрі сыншы шешендігімен аты шыққан керей елінің көсемі Толыбай бабаның есімі берілген. Сол арадағы биіктеу дөңес жерді жазда жағалай гүл көп өсетіндіктен халық Гүлтөбе деп атап кеткен. Бұл жерді кейінірек XVIII ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап Тәшім Сатыбалдыұлының шөбересі Мамай бидің есімімен аталып Мамай болып кеткен. Кейде осы жерді «Гүлтөбе-Мамай» деп қосарлап та атайды.

         Сегіз серінің азан шақырып қойған есімі Мұхаммед-Қанафия. 1818 жылы ескіше барыс жылы, наурыз айының басында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты «Благовешенский» совхозының жеріндегі өзіміз жоғарыда айтқан Гүлтөбе –Мамайда Бұқпа көлінің жағасында Қожаберген ауылының өнерпаз азаматы Баһрам батырдың отбасында дүниеге келген. Шежіреші Тәбей Барлыбайұлының  Қазақ ССР ғылым академиясы Ш. Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына  әкеліп тапсырған көне тарихы бар «Керей шежіресінде» Мұхаммед-Қанапияның Сегіз сері аталуына байланысты екі түрлі түсінік беріледі. Біріншіден, Мұхаммед-Қанапия сегіз жасында әксі,ағасы Шағырай салмен және Жанат серімен бірге аңға шыққанда тайға мініп ерте шығады да, сол арада ағасы оқтап берген шиті мыылтықпен көздеп атып, алдарынан қашқан бір киікті құлатады.  Содан «сегіз жасында киік атып алды, мұның аты Сегіз болсын!»-деп , ел-жұрт солай атап кетеді. Екіншіден, Мұхаммед-Қанапия жас кезінен-ақ сегіз қырлы, бір сырлы өте өнерпаз жігіт  болып өседі. Әнші, ақын, күйшілігімен қоса, палуан, саятшы,атбегі және он саусағынан өнер тамған шебер болады.  Осындай жан-жақты өнерпаздығына тәнті болған ел оған өсе келе сері деген атты және қосады. Сөйтіп, ол ел аузында «Сегіз сері» атанып кетеді.  Мұны ол кейінірек өзі туралы шығарған «Қашқын келбеті» атты дастанында  былай дейді:

                   Мұхаммед-Қанапия болса да атым,

                   Сегіз деп атап кеткен мені халқым.

                   Өнердің бойға біткен арқасында,

                   Үш жүздің сал-сері еттім азаматым.

 

                   Қылышпын қынабынан алынбаған,

                   Алтынмын таразыға салынбаған.

                   Ашамайлы Керейдің ер ұлымын,

                   Бейне бір жанған оттай жалындаған.

 

                   Арысы Орта жүзде Керей затым,

                   Үш жүзде болды әйгілі Сегіз атым,

                   Ұлықтан қуғын көріп кетсем-дағы,

                   Есімнен ұмытылмас туған халқым.

 

                   Ер Сегіз жыр жырлайтын келді шағың,

                   Ән-күймен атырғайсың жаздың таңын,

                   Өлеңге ел арманын өзек етіп,

                   Ойлай біл қазағыңның болашағын.

 

                   Расында,елдің жауы –менің жауым,

                   Даулайтын көптің дауы-менің дауым.

                   Бағасы маған берген болса да артық.

                   Ғабыл деп мені ұғады қазақ қауым.

Мұхаммед-Қанапия сегізжасқа келгенде анасы Жамал ауырып қайтыс болады. Жамалдың қырқы өте салысымен бір аптадан кейін әкесі  Баһрам 47 жасында 1826 жылы-ит жылы ол да қайтыс болады. Бұл Сегіз серінің Көрпеш ақын,Нәупіл батыр,Сүйір зергер есімді ағаларының үйлі-баранды болып, енші алып бөлек тұратын кезі екен. Сегіз Сүйін, Сейткерей есімді ағаларын, Қуаныш деген іеісімен бірге атасы Шақпақ пен әкесінің інісі Жанат серінің тәрбиесінде болады. Ағасы Көрпештің Сейітжан, Құшан есімді үлкен балалары да сегізбен бірге туа біткен ақындық таланты бар Шақшақ атасының бауырында өседі. Осы арада Шақшақтың мынадай бір шұмақ өлеңін келтіре кетелік:

                   Асқар тау төбе болар тас кеткен соң,

                   Жақсы ауыл жын болады бас кеткен соң.

                   Ақсақал төрде отырып не болады,

                   Қартайып тоқсан беске жас жеткен соң,-

 дейді ол. Бұл Сегіз серінің атасының да ақын болғанын дәлелдейді.

         Сегіз сері бала кезінде ауылдық шағын медреседегі Мөңке молдадан оқып, хадимше хат таниды.  Онан кейін ол Болатнай, Қызылжар медреселерінде оқып,өз ағасы имам Көрпеш ақыннан Имамғабит Ырғызбекұлы  есімді ғұлама  молдадан 4 жыл дәріс алады. Қызылжар межресесінде оқып жүргенде ол араб, парсы, шағатай, көне түркі тілдерін біршама үйрену мен бірге қазақ пен шығыс әдебиетінің  үлгілерімен де танысады.  Өйткені оған сабақ  берген кісі Имамғабит сері мен өз ағасы Көрпеш Бұғара шаһарында жоғары  дәрежелі медресені бітірген, сол кездегі атақты ғұлама  әрі әнші-ақындар еді. Осы екеуі Сегіз серіге  діни сабақ берумен бірге оны ақындыққа, әншілік өнерге баулиды. Сегіздің ағасы Көрпеш оны ескіше оқудан шығарып алып, Қызылжардағы орысша «Приходская школаға» әкеледі. Онда Мұхаммед-Қанапия жақсы оқып, мектепті бітіріп шығады. Осыдан кейін,алдағыны тереңнен болжайтын сол ел-жұртқа қадірлі атасы Сегізді 1828 жылы-тышқан жылы Омбы шаһарына апарып ондағы Сібір қазақ-орыс әскри училищесіне оқуға береді. Ол Омбыда алты жыл оқиды. Оның екі жылы орысша сауат ашу мектебінде, төрт жылы мамандық бойынша оқу еді. Мектепте және училищеде  Иван Михайлов Прохоров деген ұстаздан оқып, дәріс алған Сегіздің орыс мектебінің  үздік шәкірттерінің бірі болғанын білеміз. Осы кезде ол Шыңғыс Уалихановпен достасып, кейін Шыңғыс Құсмұрынның аға сұлтаны болғанда, Сегіз сері ән салып, жыр айтып, күй тартып оған барып қонақ болып жүрген. Омбы қаласында оқып жүргенінде өзінің аса қабілеттігімен көзге түскен Сегіз «бала ақын», «бала палуан» атанғанын да айта кетелік. Ол осы кезде училищенің жанындағы Азия мектебінде  мұсылманша сабақ берушіс ұстаздардан өз бетінше талпынып, шығыс ақындарының қисса-жырларын да жаттап үйренеді. Омбыдағы шәкірт кезін еске алған бір өлеңінде Сегіз сері:

                   Орысша білім ал деп атам Шақшақ,

                   Оқытты алты жылдай ұстаз жалдап.

дейді.

      Ақын мұраларының тағдыры: сақталуы, жариялануы және зерттелуі.  Сегіз серінің  халық арсындағы беделін, батырлығын, орысша сауаттылығын жақсы білетін сол кездегі патша әкімдері оны өз мақсаттарына пайдаланғысы келіп, жазалаушы отриядтың қүрамына   ресми қызметке шақырылады, яғни ел ішіндегі халық наразылығын сол арқылы басқысы келді. Бірақ халқын шексіз сүйетін Сегіз сері ондай қызметтен үзілді-кесілді бас тартады.  Шәкірттің бұл ойын өзінің ұстазы  Прохоров та мақұлдайды.  Сегіз сері патша үкіметінің отаршылдық  саясатына қарса тұрғанымен  орысша оқып білім алуға ерекше  ынта-ықыласты еді. Оны «Тұрмыс толғауы» атты өлеңіндегі мына шумақтардан айқын аңғаруға болады. Онда Сегіз сері былай дейді:

                   Тілмәштық тым болмаса оқу оқы,

                   Орыстың тілін оқы, миға тоқы.

                   Оқуын өзіне қарсы пайдалансаң,

                   Көрсетпес патша-әкімі қоқан-лоқы.

 

                   Сізді ұлық мықты оқуға жібермейді.

                   Секілді асау аттай шідерлейді,

                   Рұқсат еткен оның оқуын оқы,-

                   Бақытың артпаса одан кемімейді.

         Сегіздің жазалау отрядына барудан бас тартқанын  ұнатпай, оның соңына түсіп қудалап,қудалай бастайды. Оның істемегенін істеді деп елге лақап таратады.  Жазалау әскерлерінің дала қашқандарымен болған ұрыста қырылған адамын ,қарақшылардың қолынан қаза тапқан бай-көпестерлің өлімін Сегіз серіге таңады.  Осыны сезген зерек ойлы Сегіз өзінің ортасына, заманына, әкімдерге разы болмай қарсы шығады. Өз басының қуғынға ұшырағаны өз алдына, туған халқының жер-суынан айырылып, қоныссыз қалған мүшкіл халін өз көзімен көріп  әділетсіз қоғамға лағнет айтады.  Тек қазақ халқы ғана емес, көршілес татар, башқұрт елдерінің де екі жақты  қанауға тап болғанын, орыс шаруаларының да патша әкімдерінен жәбір-жапа шеккенін өз өлеңіне өзек етеді.  Оны сол кездегі Батыс Сібір генерал-губернаторы «Горчаковқа» деген өлеңінен айқын байқаймыз:

                            Горчаков сен дүлейсің,

                            Есіркеуді білмейсің.

                            Жарлы орыс-қазақтан,

                            Не деп алыс тілейсің,

                            Сен қуғындап Горчаков

                            Ел мен жерден айырдың,

                            Салып қойдың соңыма,

                            Бірнешеуін майордың.

                            Сұңқар едім екпінді,

                            Қанатымнан қайырылдым.

                            Алмас едім нар кескен,

                            Шабылмай тасқа майырылдым,

                            Бар айбым, Горчаков,

                            Тіліңді сенің алмадым,

                            Жазалаушы әскерге,

                            Басшылыққа бармадым...

   Сол секілді ұлықтарға,  билеушілерге  қарсылығын оль өзінің «Қашқын келбеті» өлеңінде де ашық айтады.

                   Көрген соң зұлымдардың алапатын,

                   Ұлықтың тартып міндім тұлпар атын.

                   Жетім-жесір момынды қорғау үшін.

                   Жұмсалды бойымдағы күш-қайратым.

 

                   Болған соң қырсық шалған заманымыз,

                   Қалайша босқа езіліп жүре аламыз,

                   Жем болып ел қанағыш залымдарға,

                   Қашанғы қорлығына көне аламыз.

Осыдан кейін Сегіз сері ел ішінде бүлікшілік жасаған жазалау отрядына ашықтан-ашық  қарсы шығады. Екі жақты қанауға жер-судың , қоныстың ел  үшін таралуына шыдамаған,  өз халқынажаны ашыған  Сегіз сері Батыс Сібірдегі патша әкімдеріне қарсы қол жинауға дайындалады. Оны Сегіз серінің мына бір өлең жолынан айқын көреміз:

                   Болсамда өз елімде жүйрік-жорға,

                   Еріксіз жорықшылдық түстім жолға,

                   Патшадағы қызмет етпей кете бардым,

                   Тұрса да бар мүмкіндік біздің жолда.

         Енді жазалау отрядының әскерлері түрліше амал-айла қолданып Керей еліне қол жинап жүрген Сегіз серіні ұстауға аттанады. Өзіне шын қиын жағдай туғанын сезген  ол қасына батыр досы  мадияр керей Нияз  серіні ертіп өзін ұстауға келген жазалау отрядының қоршауынан сытылып шығып,  Кіші жүз еліне батысқа қарай сапар шегеді. Ол турасында ақынның бір өлеңінен қысқа жазып кетсем:

                   Астымда қос тұлпарым армады,

                   Жендеттер бізді қуып жарымады,

                   Қақ жарып жаудың тобын өте шықтым,

                   Түскен доп зеңбіректен дарымады.

Ол Кіші жүзді аралап жүріп қол жинп, бір күні өзінің өңірі Есіл өзенінің тоғайына тоқтайды.  Отаршылдардың жазалау отрядтары тоғайды сүзіп мұнда да маза бермеген соң, Есілдің жағасынан аттанарда, өзенмен қоштасып «Көк Есіл» атты термесін шығарады. Бұл өлеңнің қысқаша бір нұсқасын жазып өтейін:

                            Көк иірім Есілім,

                            Жағаңда аяқ көсілдім.

                            Шомылмақ болып суыңа,

                            Балқашыңда шешіндім.

 

                            Орталық Арқа жерінен,

                            Ағасың төмен құлдилап.

                            Абылай аспас белінен,

                            Жылжисың бері ылдилап.

 

                            Жауға қарсы тұрам деп,

                            Өзіңде алғаш серт еттім,

                            Жұрт үшін жаным құрбан деп,

                            Дұшпанды келген мерт еттім,

                 

                            Қасымда еріп Нияз дос,

                            Жағаңнан сенің аттандым,

                            Ісімді көрмей ұлық қош,

                            Қашқын Сегіз атандым.

         Ұзақ жол қажытып елсіз дала, таулы-тасты жерге қона жатып жүргенде, Сегіз сері алыста қалған елін,жерін сағынып, сол кезде «Бозторғай» әнін шығарған екен. Сезім толқытатын ғажайып әндегі ақынның әуел бастағы өз сөзі былай екен.

                   Мен тудым Қожаберген ауылынды,

                   Ну орман Толыбай  жалы бауырында,

                   Жазықсыз қуғындалып,жапа шектім,

                   Кез болып заманының дауылына.

 

                   Бала боп өсіп едік мап-манардай,

                   Жігіт боп шығып едік қос шынардай.

                   Дәм айдап алыс долға сапар шектім.

                   Артымда қалдың орман-қош Маманай.

 

                   Бұқпа көл қабағында топ қараған,

                   Мөлдір су жар астынан жарқыраған,

                   Әнші, ақын, күйші өнерпаз бәрі сонда.

                   Қашқын боп неге кеттім сол арадан,

 

                   Ұнатып самал желдің лебі ескенін,

                   Сұлумен Қызылжарда жүздескенмін.

                   Көзімнен бұл күндерде бұлбұл ұшты,

                   Аузынан көркем қыздың бал жескенім.

 

                   Кездесер ұзақ жолда батпақ,мия,

                   Мекенім соңғы кезде шың мен қия.

                   Қашқын боп сахарада жүргенімде,

                   Көзімнен бір-бір ұшты-ау, туған ұя.

Бұл ән сол кездің өзінде-ақ елге кеңінен таралады. Бұл Сегіз серінің композиторлық өнерге құлаш  ұрған тұңғыш әні екен. Ұзақ жылдар ішінде ауыздан-ауызға көше жүре, айтыла жүре әннің сөзі  өзгеріске ұшырап, бұл күнде тек әуені, сазы, ырғағы ғана сақталады. Мәселен, осы әннің сөзінің соңғы кезде былай деп, өзгертіліп айтылып жүргені  әрине өкінішті-ақ.

                   Басында биік таудың қос барабан,

                   Сол таудан дария болып су тараған.

                   Сұлу қыз, әсем жігіт бәрі сонда.

                   Шіркін-ау, неге келдім сол арадан.

 

                   Қарағым,айналайын келдің қайдан.

                   Ала үйрек алма мойын ұшар сайдан.

                   Жарқыным ат-жөніңді айтып қойшы,

                   Адамның жат болмағы осындаймын.

Бұл бұдан бір жарым ғасыр бұрын өмір сүрген Сегіз сері секілді бір тума таланттың ән сөздеріне (текстеріне) үлкен нұқсан келтіргендік қой.

         Сегіз сері Ырғыз өзенінің бойын мекендейтін шекті, табын елдерін аралап, ән салып, өлең айтып, күй тартып, сал серілік құрып жүріп Жаған мырза Жетісұлының ауылына келіп мейман болады. Әңгіме үстінде, сауыт киіп жүрген Сегізге: «Батыр, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық бір лебіз білдірдіңіз»,-дейді. Сонда Сегіз сері көп іркелместен:

                   Ерімей тас болғаннан соң артық,

                   Басыңа бәле келсе, тынған артық.

                   Мінгенше жамандармен алтын таққа,

                   Жақсымен бірге түскен зындан артық.

                  

                   Дос емес досың сырттан мақтамаса,

                   Несі дос бірін-бірі жақтамаса,

                   Болғанда бүгін араз, ертең тату,

                   Достығы надандардың тап-тамаша.

Сегіз сері осылай басталатын ойын әрі қарай термелеп өз ойын былайша жалғатырады:

                            Ай жарығы таң болмас,

                            Шаққан шақпақ шам болмас,

                            Зайыбын жігіт шын сүйсе,

                            Сұлуларға зар болмас,

                            Саудагерде ар болмас.

                            Жеш өкшеде қар болмас,

                            Жалқау жігіт бар болмас,

                            Таңдап сүймес жар блмас,

                            Ауру мен ашта хәл болмас,

                            Шілік өсіп тал болмас,

                            Ұрлықтың малы мал болмас,

                            Артық атта жал болмас,

                            Ет кептірмей сүр болмас,

                            Жексұрында түр болмас,

                            Талапты жігіт құр болмас,

                            Сұңғақта шыр болмас,

                            Жалап ішкен ас болмас,

                            Өнерлі жігіт жоқ болмас,

                            Қурай мен жусан жақсаңда.

                            Жайнап жатар шоқ болмас.

Бұл сол кездегі ұзақ терменің бір бөлігі ғана. Жаған мырза шырқап салған әніне, шерткен күйіне, айтқан өлеңіне, жырлаған жырына өте разы боп Сегізге алғысын айтады, дос болайық деп қол алысып, серттеседі. Нияз сері екеуіне  екі арғымақ ат мінгізіп, иықтарына жанат ішік жабады. Сегіз серібойна дарыған тамаша өнері арқылы осы жолы ел арасында өзін нағыз сал сері ретінде танытады.

         Бірде Сегіз сері ауылда боп жатқан мерекелік жиынның үстінен түсіп қонақ боп жайғасады. Жас қонақтың ақындығын сынау үшін бе, әлде өнеріне көңілі толғандығы ма, сол топтың ішінде отырған меймандармен бірге Көтібар, Жанқасқа, Арыстандар бұған Төлеген-Жібек, Айман-Шолпан хикаясын әңгімелеп береді де, Сегіз серілен  осы аңыз-әңгімелерді қиссаға айналдырып, әнмен жырлап  шығуын өтінеді. Әңгімені байыппен  тыңдап алған зерек жігіт:

                   Мен келдім шекті-табан арасына,

                   Көтібар, Арыстандай данасына.

                   Жырлайын: Айман-Шолпан,Қыз Жібекті.

                   Қазақтың даңқым шықсын даласына,-

Деп болашақ дастанның кіріспесін бастай жөнеледі. Бірден-ақ,  өзінің суырып салма жыршылдығын паш етіп жиналған елді қайран қалдырады. Содан соң сабасына түсіп, біраз ойланып, толғанып, қызынып алған  Сегіз сері «Қыз Жібек» қиссасын  әрі қарай жалғастырып шырқап кетеді.

                   Қой жылы салдық құрып шығып елден,

                   Шалқардың бойындағы елге келгем,

                   Елдері Кіші жүздің Шекті-Табын,

                   Ниязбен екеумізді құрметтеген.

                   Жасынан жақсы атадан үлгі көрген.

                   Көтібар, Арыстандай батыр мерген.

                   «Ер Сегіз  жыр шығарсаң есіңе ал»,-деп-

                   Қызықты бір оқиға айтып берген.

 

                   Бұ өзі оқиға екен мол деректі,

                   Жырлауға осындайды ьолдым епті.

                   Есітіп Төлеген мен Жібек жайын,

                   Қисса етіп баяндауға көңілім кетті.

 

                   Тұлпардай болып жараған,

                   Халқы мыңға балаған.

                   Қолбасшы батыр саналған,

                   Жауыздардың қанына,

                   Қылышын талай суарған,

                   Үлгі айтатын еліне,

                   Сегіз сері мен болам.

                   Бұрын аңыз болса да,

                   Жыр маржаны Қыз Жібек,

                   Алғаш рет қисса боп,

                   Бүгін менен тараған,

                   «Қыз Жібек » жырын тыңдауға,

                   Құмарытып бар адам.

                   Мен отырған орданың,

                   Сыртында көк шалғынға,

                   Кілем төсеп арнайы,

                   Отырысып жайлаған,

                   Басқаның бәрін тастайын,

                   Шамадан артып аспайын,

                   Бүгінгі мәжіліс-жиынды,

                   Қыз Жібектен бастайын.

                   Ұрпағын Базарбайдың санап алып,

                   Ел-жұрттан  оқиғаға болдым қанық,

                   Әр буынға жиырма алты жастан беріп,

                   Шежіреден жыл мөлшерін білдім алып.

 

                   Ресейдің жыл санауын негізге алып,

                   Өткенге қатты үңілдім назар салып.

                   Есептеп жыл шамасын  білгеннең соң,

                   Қолыма қобыз алып құштарланып.

 

                   Бұрынғы Әз Тәукенің заманында,

                   Қазақтың халқы түгел аманында.

                   Кердері теңізі деп аталапты,

                   Сылаң Сыр құятұғын Аралында.

 

                   Айнала Арал бойын мекен еткен,

                   Кердері,Жағайбайлы елі көптен,

                   Шалқыған дәулет орнап, бақыт қонып.

                   Мал-жаны бұл елдердің өсіп-өнген.

 

                   Кіші жүзі немесе оның Алшын аты,

                   Ноғайлы қазағынан арғы заты,

                   Байұлы,Әлімұлы,Жеті ру деп.

                   Бөлініп үш тайпа боп шыққан аты.

 

                   Кердері, Жағайбайлы,Жетірудан,

                   Кем емес салтанаты өзге рудан,

                   Үш жүздің қара шаңырағы-Жағалбайлы,

                   Артығы осы екен басқа рудан.

 

                   Бөлінер Жағалбайлы, Мырза  Ілез боп,

                   Өрбіген екеуінің  рулкры көп.

                   Ішінде сол Ілездің Бескүрек ел,

                   Бай болған заманында теңдесі жоқ.

 

                   Бір тобы Бескүректің Қара батыр,

                   Тігеді Хан жайлауда ақша шатыр.

                   Жылқы, түйе-бәрін де мыңдап айдап,

                   Көп елден  салтанаты асып жатыр.

 

                   Қарабатыр көсемі Айбат мырза,

                   Әрқашан ерлігіне халқы риза.

                   Бұйрығы Айбат ердің екі болмас,

                   Елінде Жағалбайлы шешім қылса.

 

                   Баласы сол Айбаттың ер Базарбай,

                   Бег еді дәулетіне ерлігі сай,

                   Жылқы мене түйенің есебі жоқ.

                   Үйілген сарайында астық, қант, шай.

                  

                   Жырлайын о жарандар болған жайды,

                   Аспанда жарқыраған  күн мен айды,

                   Әлеумет ер Сегізге рұхсат етсең.

                   Баяндап бір көрейін Базарбайды.

 

                   Еліменен қашқын болып шыққан кезде,

                   Жолықтым Шекті, Табын, Тама, Ілезге.

                   Шектінің Арыстаны мен Ілез Жанқасқа,

                   Жағы жоқ шешен екен  сөйлер сөзге.

 

                   Қарсы алды Шекті,Табын, Жағалбайлы,

                   Ел екен дәулетіне сәулет сайлы.

                   Ниязбен мен екеуміз сонда болып,

                   Естідік Сырлыбай мен Базарбайды.

 

                   Болғаны оқиғаның рас екен,

                   Арқауы әңгіменің біраз екен.

                   Өткенді кейінгіге жырлап беру,

                   Ақынға біз сияқты мирас екен.

 

                   Өтініп айтқаннан соң ер Арыстан,

                   Сөз қалмас біз сияқты жолбарыстан.

                   Сұрады жырлауымды Жанқасқа да,

                   Қалсын деп ұрпақтарға сізден дестан.

 

                   Жырладым мен дастады қобыз алып,

                   Отырды молда ишан қалам алып,

                   Түсірді он төрт молда өлеңімді,

                   Бетіне ақ қағаздың өрнек салып.

 

                   Қобызым кетті жетектеп,

                   Ән шырқадым безектеп,

                   Сондағы жырым осы еді,

                   Өлеңмен айтқан өрнектеп...

Сегіз сері осылай «Қыз Жібек»  жырын ұзақ жырлап, аяқтап шығады. Бұл үзінді осы жырдың  бас жағындағы кіріспе ғана. «Қыз Жібек » жырының қазақта тарихи шындыққа, шежіреге негіздеп жырлаған бірден-бір нұсқасы-осы біз сөз етіп отырған Сегіз сері нұсқасы  екені дау туғызбаса керек.  Ел аузындағы аңыз-әңгімелерді, ертегіні жырға айналдырып, тарихи шежірені негізге ала отырып жырлау және  оған ән шығарып, әнмен айту  тек осы Сегіз сері сияқты  жан-жақты бес аспап таланттың ғана қолынан келеді. «Қыз Жібек» оқиғасының  Сегіз серіге дейін жыр болғанынбілмейміз ол тек қара сөз түріндегі ауызекі  аңыз-әңгіме  ретінде ғана баяндалып  айтылып жүрген. 1807 жылы Қазан қаласында кітапша болып шыққан-сол қара сөз түріндегі аңыз-әңгіме нұсқасы.

         Академик-жазушы Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» повесінде Сегіз сері жайлы былай деп жазған.

         «Бұлар шайға отыра бергенде, айқайға басып Керейдің бір топ ақын-әншілері келді...

Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердіңаты шулы ақын-әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоғжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын тағы үш-төрт перілері. Бірі де атақтының атақтысы-Сегіз сері ақынның мұрегерлері. Бұл елдерде «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» жырлары Сегіз серінікі деп саналады. Сегіз сері өз жанынан шығарған ба, жырау ретінде айта жүріп өңдеген бе, ол арасы дүмәдал. Ал «Қарлығаш», «Гауһартас», «Әйкен-ай» әндерін Сегіз сері шығарғанын тіпті дауға салмайды, түгел мойындап қойған».

Сегіз серінің ел аузындағы аңыз-әңгімелерді жырға қосып «Қыз Жібектен» басқа да «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын», «Шора батыр», «Ер Сайын батыр» секілді ұзақ қисса-дастандардың өзіндік нұсқасын шығарғаны тарихи деректерден белгілі.

         Қазақтың аса көрнекті ғалымы, академик Әлкей Марғұлан Сегіз сері жөнінде былай деп жазады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір әдемі нұсқасын қағаз  бетіне түсірген атақты Сегіз сері (1808-1854 жылдары). Ол XIX ғасырдың бірінші жартысында  жасаған атақты сері Туған жері-Обаған төңірегінен, ашамайлы керейлерінен, қыстаулары Маманай орманының іші. Он екі жасына дейін ауылдағы мектепте оқып, содан кейін Омбыдағы Азия мектебін бітіреді. (1828 жылы).  Осы жылдары Омбыда «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын жазады.

                    Жасым бар жиырмада жылым мешін,

                     Өлімнің кім біледі ерте-кешін,

                     Айтайын бес-алты ауыз құлағың сал,-

                     Қозы Көрпеш-Баянның әңгімесін.

   Бұл жырды Сегіз сері Торғай  өлкесіне саяхатқа шыққанда өзімен бірге алып жүріп, шежірені, жырды көп жинайтын Ахмет Жантуринге тарту қылып беріп кетеді. Кейін ол жыр Ахмет Жантуриннен В.В. Ильминскийдің  қолына түседі. Бүгінде сол жыр Ильминскийдің топтауында, татар республикасының архивінде сақтаулы тұр. Өткен дәуірлерде бұл жыр  Қазанда талай рет басылып шықты (1878, 1879, 1890, 1894, 1896, 1905, 1909 ж.ж), оның қысқаша аудармасын А. В. Васильев Торғай газетінде жариялады. Сегіз сері нұсқасында айтушының тілі жақсы, бейнелері әдемі, эпикалық кең тынысты болып шықты.

        Сегіз серінің бірнеше дастандар шығарған. Осы кезге дейін атақта эпос жырларының  әр заманда әр ақын, әр жыршының жырлауы мен ұрпақтан-ұрпаққа келіп жеткені белгілі. Сегіз серенің Көтібар өлімін жоқтаған осы өлеңінен көп сыр аңғарылады. Ол «Айман-Шолпан»  лироэпосын Сегіз серінің шығарғаны, оның осы жырдың авторы екендігін  ақынның өз өлеңі айқын дәлелдеп отыр. Осы ойды филология ғылымының кандидаты Е. Жақыпов 1979 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген өзінің «Дастаннан-драмаға» атты кітабында дәлелдеп жазған.

        Сегіз сері Көтібар өлгеннен кейін Жайық өзеніне жол тартады да, Нарым құмынан жасақ құрып көтеріліске дайындалып жатқан Исатай, Махамбет тобын бетке алады. Ол Исатай, Махамбетпен алғаш рет 1833 жылдың жазында Қызылжар өңіріндегі Қоскөлге таяу жердегі Малдыбай ауылындағы тойда танысқан еді. Ол кезде Сегіз серінің  балаң жігіт шағы. Олардың танысуы былай болады. Ашамайлы керей Қырғыз қажы Малдыбайұлының Бектас деген баласы Исатайдың кенже қарындасы Патшайымға үйленіп, содан Қырғыз қажы Исатайды құдалыққа шақырады. Исатай мұнда өзімен бірге батыр Махамбетті де ерте келеді. Сегіз сері осы үйге қажаның баласы Бектасқа келіп жүреді екен.  Сол жолы Сегіз бұл үйге Исатай, Махамбеттердің үстіне келеді. Сегіз серінің өнерлі де, өжет екенін байқаған Исатай оған назар аударып: «Ғұлама бала, халқыңның ұлы боласың ба, әлде патша ағзамның құлы боласың ба?»-дейді. Сегіз сері сонда Исатайға іле жауап беріп: «Батыр құда, тірі болсам, халқымның қорғаны болам»,- дейді. Сегіз серінің кейінірек шығарған:

                   Өзімнің қазағымнан мал алмаймын,

                   Алам деп обалына қала алмаймын.

                   Жұртымның өле-өлгенше қорғанымын,

                   Халқыма жәбір-жапа қыла алмаймын.,-

деген өлеңі ойын растай түскендей.

  Ақынның арнау өлеңдері.      Сегіз сері Исатай мен Махамбетті өзіне аға тұтып қатты қадірлейді, екеуінің ханға қарсы ерлігін жырға қосып «Исатай-Махамбет» атты дастанын шығарады. Сол ұзақ дастан:

                   Ақбұлақ тасығанымен Жайық емес,

                   Жүзгенмен дөңбек ағаш қайық емес,

                   Ерлігін Исатайдың жырға қоссам-

                   Жігіттер менің мұгым айып емес.

 

                   Еділден сан суырған құлын-тайын,

                   Қазақтың жырға қосам Исатайын,

                   Исатай-Махамбеттің ерлік ісін,

                   Қобыз ап, әнге салып баяндайын.

 

                   Еділ-Жайық берекелі жер екен ғой,

                   Байұлы бақыт қонған жер екен ғой,

                   Алтынның қолда барда қадірі жоқ,

                   Исатай асқар таудай ер екен ғой-

деп басталады. Бұл өлеңдер бұл жырдың тек бастамасы еді. Сегіз сері қос тарланға дастан ғана емес сонымен бірге жүрек жарды «Қос қыран » атты күйін де арнайды. Осы күні «Қос қыран» күйін некен-саяқ орындайды. Сегіз сері «Қос қыран» күйінен басқа да «Қайран, Арқа», «Дабыл», «Садақ», «Жебе», «Көк найза», «Тарғыл бұқа», «Ақбас атан», «Алмас қылыш », «Бозшұбар», «Жорық» атты күйлерінің авторы екені де белгілі. Сонымен қатар, ол «Әйкен-ай», «Ғайни», «Шолпан қыз», «Жылой», «Қарғаш», «Үкілім», «Шашбаулым», «Көкем-ай», «Қалқаш», «Гауһартас», «Бесқарагер», «Мақпал», «Бозқараған», «Дайдидау», «Еңлік», «Желкілдек», «Жан сәулем», «Дүние-ай», «Алқоңыр» секілді көптеген ән шығарған.

       Мәселен, оның көпке белгілі шұрайлы шығармасының бірі-«Мақпал» әнінің тарихы мынадай екен. Сегіз сері бірде Сыр бойын мекендейтін Орта жүз Бағаналы Найманның Қарабала руының Жауғашты тайпасынан шыққан Мақпал қызбен бір тойда танысып, оған ғашық болады. Ол бағаналы елінің ақылды қариясы, беделді Бақтияр бидің бой жетіп отырған сұлу қызы екен. Мақпал өзі асқан дарынды, әрі әнші, әрі он саусағынан өнер тамған шебер қыз. Сегіз сері ай мен күндей сұлу қызды көріп оған құлай беріледі. Бар ынтасы Мақпалға ауады. Сері жігітті қызда ұнатады. Ғашық болған Сегіз серінің қызға деген сүйіспеншілігі көкіректен толқынды ән болып шығады... Атақты «Гауһартас» әні де  Мақпалға арналған. Мұнда Мақпал қыздың атын жұмбақтап, гауһарға теңеп айтқаны екен. Ол әнді қазіргі кезде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бибігүл Төлегенова апамыз айтып жүр. Бұл әннің сөзі қазіргі кезде өзгеріссіз айтылып жүр. Оған дәлел, Алматы: «Жалын баспасы» 2005жылғы «Алқалы топтың ажары » атты әндер жинағында 62 бетінде жазылған «Гауһар тас» өлеңінің өзгеріссіз жазылғаны. Және тағы бір айта кететін жағдай 22.09.2006 жылы жазылған Қазақ әдебиеті газетінің №38де Серікбай Қосанның «Сегіз сері эпостық кейіпкер» атты мақаласында біраз келіспеушілік туады. Мақаланың авторы Сегіз сері осы күнде оның атына телініп жүрген көптеген халық әндері / «Гауһартас», «Жылой», «Қарғаш» әндерінің авторы болуы мүмкін емес деп жазыпты. Неге бұл әндердің авторы Сегіз сері емес,манағы йтып кеткен мәліметтерім бұған дәлел бола алады. Гауһартас әні Сегіз серінікі оған таласпауымыз керек, бұны көптеген ғалымдар да мойындаған бұған дәлел 1986 жылы тамыз айында Жқанов И. Жазған  «Орталық Қазақстан» газетінде, осы «Гауһартас»

әні туралы сөз еткен, сонда ғалымдардың көбі бұл әннің авторы Сегіз сері екеніне еш талас жоқ деп жазғаны да белгілі.    

                   Ажарың ашық екен атқан таңдай,

                   Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.

                   Анаңнан сені тапқан айналайын,

                   Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

                            Беу-беу, гауһар тас,

                            Құсни құрдас.

                            Раушан жүзің көргенде.

                            Сәулем-ау, сабырым қалмас.

                   Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан.

                   Шолпандай таң алдында жалғыз туған.

                   Жылы су, қолда құман, қарда орамал,

                   Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

 

                   Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң.

                   Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң,

                   Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,

                   Әсемсіп жүйрік аттай мойнын бұрған.

    Сегіз серінің жоғарыда айтып кеткен «Гауһартас», «Ғайни» әндерінің шығу тарихын түйіндеп айтсақ, Қазақ ССР Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институты басып шығарған (1977-1981ж) төот томдық «Қазақ ауыз әдебиетінің жалпы-ғылыми сипсттамасы» осы әндердің Сегіз серінікі екені даусыз делінген. Бұл кітапта 1852 жылы Жаяу Мұса Байжанұлы Сегіз серінің өзінен үйреніп «Гауһартас», «Ғайни» әндерін Кереку, Баян төңірегіне таратқан. Кейіннен 1869-70 жылдары Жаяу Мұсадан оның шәкірті, аталас інісі Жарылқапберді Жұмабайұлы үйренген,-деп жазылған.

     Сегіз сері бұдан кейін «Бозшұбар», «Қызға сәлем», «Қалқаш» әнін шығарған. Осы бесеуін де осы Мақпал қызға арнайды. Бұл бесеуінен басқа Мақпал қызға арнап Сегіз сері «Мақпал» атты жүз елу бес шумақ өлеңді де шығарады. Ол өлеңде мынадай жүрек жарды жыр жолдары бар:

                   Берсейші найман қызы тілегімді,

                   Ұғынып жүрегіңмен жүрегімді,

                   Кіреуке сауытыма жаға болсын,

                   Мойныма орай салшы білегіңді.

 

                   Сағағың Бозшұбардың сағағындай,

                   Тал бойың піскен жеміс сағағындай,

                   Ғашық  қып  өзегімді өртегенше,

                   Қайтеді жолықпасаң қарағым-ай.

Ал «Мақпал» әнінің сөзі төмендегідей болып келеді:

                   Ақша жүз, бота көзді, қасың қара,

                   Шашыңды түнде жу да, күндіз тара,

                   Ниязбен мен екеуіміз келген шақта,

                   Мақпалжан бұлғақтамай бермен қара,

                  

                   Үш жүзде даңқым шыққан Сегіз сері,

                   Келгенім Сыр бойында найман елі,

                   Керейден ант арытып іздеп келдім,

                   Бір көріп қайтпақ болып Мақпал сені.

 

                   Ащыкөл Телікөлге салдым салық,

                   Артымда қапаланам елім қалып,

                   Құмартқан нұр жүзіңе асыл Мақпал,

                   Ғашықтық көкірегімді кетті жарып.

                  

                   Біз келіп ауылыңызға бастық қадам.

                   Ұлықтан қуғ\ын көріп көңіл алаң,

                   Мақпалжан шыныменен уағыда етсең,

                   Кетуге алып қашып келед шамам.

    Бірақ Сегіз сері өзі ғашық болған осы Мақпал сұлуға қосыла алмайды. Оның «Мақпал» атты жыр жолдарынан ұққанымыз мынадай еді. Жырды Сегіз сері Мақпалға қосылмақ болып уәде байласып еліне кетеді. Сол кезде Қоқан хандығы құсбегісінің қолшоқпары болып, өзінің туған қарақалпақ халқын да, көршілес қазақ, қырғыз  халықтарына да қайғы-қасірет жұтқызып жүрген Жабы деген қарақшылармен келіп, басы Мақпал, Құсыни, Раушанға қоса он алты қызды  Балталы-Бағаналы, Қоңырат, Дулат, Сіргелі, Ошақты елінің жылқы-түйесін жаулап, тартып алып кетеді. Ел жайлауға көшіп кеткен шақта Мақпалды іздеп келген Сегіз сері  қора күзетіп қалған кедей-кепшіктен  бұл жағдайды естіп, ыза кернеп жаудың соңына аттанады. Ол өз тобымен жауды Сыр бойындағы Сұлутөбе деген жерде қуып жетеді де үлкен ұрыс салады. Сегіз сері Жабының жолдасы Бұлдырықтыны бірден атып түсіреді. Содан кейін Жабыны жекпе-жекте найзамен шаншып өлтіреді. Жау жеңіледі. Сегіз сері қыздарды, жылқы-түйені жау қолынан босатып алады. Сол кезде Жабының қашып бара жатқан жендеті-Дәуқара қыздар тобын садақпен атады. Садақ оғы Мақпал қыздың жауырын тұсына қадалады. Қыз ауыр жараланады.  Сегіз серіні Дәуқараны қылышпен шауып тастайды., содан кейін  төрт найзаны төрт бұрыштап зембіл жасап Мақпалды салып алады. (қазіргі Жезқазған мен Қызылорданың шектесетін жеріндегі) Айнакөлге өткізіп, ел-жұртты жинайды. Қыздарды ата-аналарына, жылқы-түйелерді иелеріне табыс етіп, қалың елдің алғысына бөленеді. Бірақ Сегіз серінің сүйген қызы ата-анасымен, аға-жеңгесімен, ағайын-туғанымен, ел-жұртымен араздасып сол арады қайтыс болады. Мақпалдың денесі Айнакөлдің жеріне жерленеді.

        Сегіз серінің осы «Мақпал» әніне байланысты мынадай шындықты да айта кеткен жөн. Өткендегі композиторлардың бір-бірінен үйренуі, бірінің жақсы әніне екіншісінің еіктеуі деген дәстүрдің болғанын білеміз. Мәселен, Мақпал атты қыз есімі осы Сегіз серіден үлгі алған кейінгі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай тіпті берідегі Әсет әндерінде де кездеседі. Сегіз серінің Мақпалы Бағаналы Найман ішіндегі Бақтияр бидің қызы болса, Ақанның Мақпалы да найманның қырық бес деген әлді-ауқатты адамының қызы. Тек Ыбырайдың ынтығы қай елден , кімнің қызы екені белгісіз. Оның «Сүйгенім» әнінде Мақпал қызға қосыла алмаған Ыбырайдың арманы айтылады.

        Бұл жерде елді, қазіргі ән зерттеушілерді, ән сүюші қауымды жаңылыстырмай өмірде болғант шындықты айтуымыз керек. Ақан мен Ыбырайдың «Мақпалы» өздерінен бұрын өткен талантты әнші, талантты композитор Сегіз серіге еліктеуден, оның сөз қлоданысын пайдаланудан шыққан ән екені белгілі. Мәселен, Сегіз сері:

                   Біз келіп ауылыңызға бастық қадам,

                   Ұлықтан қуғын көріп көңілім алаң.

                   Мақпалжан шыныменен уағда етсең,

                   Кетуге алып қашып келед шамам.

Десе, ал Ақан:

                   Біз шығып елден бері бастық қадам,

                   Сипатың хатқа симас айтса адам,

                   Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың,

                   Елге алып кетпес пе едім келсе шашам,-дейді.

       Ал Сегіз серінің «Гауһартас», «Ғайни» атты әндерін кейбір ән зерттеушілеріміз Жарылқапберді Жұмабайұлына (1852-1912ж.ж) апарып теліп жүр. Шындығында, бұл әндерді де Сегіз сері шығарған. Оны біріншіден, 1838 жылы Сегіз сері туралы қарабалық қыпшақ Өске Тасеменұлы (1838-1902ж) ақын шығарған «Мақпал-Сегіз» атты дастаннан кездестіреміз. Онда осы әндердің Сегіз серінікі екені айдан анық айтылған:

                   Баласы ем Тасеменнің атым Өске,

                   Сегіздей кеменгерді алдым еске,

                   Ер Сегіз бен Мақпалдың уақиғасын,

                   Қисса етіп баяндайын осы кеште.

 

                   Сегіздің Мақпалменен жылы барыс,

                   Арасы елдерінің өта алыс,

                   Омбыдан іздеп келіп Сегіз сері,

                   Мақпалмен Сыр бойында болған таныс.

 

                   Өнері ер Сегіздің өрден асты,

                   Баурады өлнңімен өңкей жасты,

                   Мақпалға ғашықтығын білдірмек боп.

                   Шығарды ән патшасы-«Гауһартасты».

 

                   Сегіздің кереметтей өзі сәнді,

                   Ақындыққа баулыған сөзі мәнді.

                   Тағы да ғашықтығын жария етіп.

                   Шығарды «Мақпал» атты әсем әнді.

   Өске ақын әлгі «Мақпал-Сегіз» дастанын енді бір жерде:

                   Қол шықты Ақбұлақтан түзеп сәнін,

                   Жігіттер түсінеді жырдың мәнін,

                   Соңынан ерген ғаскер өтінген соң,

                   Шығарды Сегіз сері «Қалқаш» әнін,-

деп толғанады. Міне, Сегіз серінің атақта үш әнінің де қалай шыққан тарихы өткен заманның өзінде осылайша жырланған.

        Сегіз сері сүйген қызын жердеп Мақпал қыздың елімен қощтасқалы жатқанда, артынан хабаршы келеді. Ертай Бекұлы деген жігіт Исатай мен Махамбеттің жолдаған сәлем хатын табыс етеді. Батыр хабарды алған соң, жолға қамданып үшінші күні Ойыл-Қиға аттанады. Бірнеше күн жол жүріп, межелі жерге жақындағанда, Кіші жүздің қалың көшіне тап болады. Көш басшыларының Исатайдың қоршауда қалып, ұрыста ерлікпен қаза тапқанын, Махабеттің сарбаздарға жетіп үлгермегенін, патша әскерінің бейбіт  ауылдарға шабуылын тоқтатқанын естіді. Сегіз Исатайдың өліміне арнаған «Өкініш» атты өлеңін осы жолы шығарады. Сол ұзақ өлеңінен бір-екі үзінді келтіріп кетсем:

                   Өтті деп ер Исатай естігенде,

                   Қолымда болат қанжар шарт үзіліп,

                   Шешілді кермедегі арғымағым,

                   Айырылып Исатайдай асыл ерден,

                   Кетті ғой судан таза, сүттен ағым.

 

                   Айырылып Исатайдай көсеміңнен,

                   Бұзылды қазақ сенің ынтымағың,

                   Үмітің үзілді ғой қайтан халқым,

                   Жалп етіп сөнгенннен соң шам шырағың.

    Бұған қоса Сегіз сері Исатайға арнап үлкен жоқтау шығарады. Жоқтау былай басталады:

                   Өзіңменен кездесіп,

                   Қылыш сүйіп серттесіп,

                   Көптің мұңын,

                   Ер жігітке жөн десіп,

                   Ғұмырлық деп дос болған,

                   Мейманға көңіл хош болған...

Деп өзінің ұзақ жоқтауын жазып бастайды.  «Сегіз серінің Исатайды жоқтауы» деп аталатын осы өлеңді ел аузынан жинаған павлодарлық Елеуке Қалданов. Ол бұл жоқтауды қазіргі Қорған облысының Макушин ауданындағы Кребен селосының тұрғыны әнші-музыкант, шежіреші ақсақал Мырзай Тұяқовтан жазып алған. Бұл өлең Сегіз серінің басқа өлең-жырларымен қоса М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының текстология және қолжазба бөлімінде сақтаулы.

       Сегіз сері лсы жолы Ақбұлақ өзенімен қоштасып өзінің атақты «Ақбұлақ» әнін шығарады. Үлкен шабытпен, туған жер-ата мекенге  деген ыстық ықыласпен жазылған отыз шумақ өлең шалқып тасылып жатқан өзендей әсер қалдырады. Бұл әнді Біржан салдан Әздембай сал, одан Ақан сері , Ақан серіден Біржан Берденов 1916 жылы үйренеді. Берденовтен Қалиев Әпен ақсақал үйреніп, елге таратады. Төменде Сегіз серінің «Ақбұлақ» әні толық нұсқасымен жазылған:

                   Жетдетке кетпес те ешбір кегім,

                   Дұшпанның сындырсам да сағын, белін.

                   Айырылып қапияда Мақпал қыздан,

                   Көбейді ішімдегі қайғы-шерім.

 

                   Үш жүзге атым шыққан Сегіз сері,

                   Атандым он жетімде ердің ері.

                   «Ер Сегіз ел қорғаны батыры еді»-деп,

                   Үш жүздің ардақтады тама елі.

 

                   Күнде ойын, күнде жиын жүрген дері,

                   Жігіттің тұсындағы асқар белі,

                   Жетім-жесір момынның қамқоры деп,

                   Ел айтар, Сегіз-керей ардагері.

 

                   Осындай даңққа ілініп жүргенменен,

                   Көп қазақ қадірімді білгенменен,

                   Айырылып Исатайдай асыл ерден,

                   Мен Сегіз соңғы аптада қайғы жегем.

 

                   Ән салып сағасында ән-күй шерткен,

                   Үш қыстай тоғайында мекен еткем,

                   Сүйікті өзен болған Ақбұлақты,

                   Қалайша жырға қоспай үнсіз кетем.

                   Тірілмесін Исатайдың көрді көзім,

                   Жастыққа жалындаған бұл бір кезім,

                   Қоштасып Ақбұлақпен әнге шырқап,

                   Қия алмай менің мұнау айтар сөзім.

 

                   Таудан төмен құлдилап,

                   Ойпаң жермен ылдилап,

                   Тәулік сайын бір тынбай,

                   Тау-тас кезген Ақбұлақ.

                   Бейне таудың суындай,

                   Сылдырлап аққан Ақбұлақ.

                   Жылжымалшы сынаптай,

                   Ағының қатты Ақбұлақ.

                   Жүктей тасты ағызған,

                   Екпінің қатты Ақбұлақ.

                   Құмар болып суыңа,

                   Мекен еттім өзіңді,

                   Үш қыс бойы Ақбұлақ.

                   Күйге бөлеп маңайды,

                   Асып-тасып жатасың,

                   Меруерт пен маржанды.

                   Басып ағып жатасың,

                   Көрігіндей ұстаның,

                   Гүріл қағып жатасың,

                   Алқара көк аспанға,

                   Шашу шашып жатасың.

                   Өз-өзіңмен ән салып,

                   Елдің алдың батасын,

                   Исатай мен Махамбет,

                   Сауыт киіп сайланып,

                   Беліне семсер байланып.

                   Қару-жарақ асынып,

                   Тұлпарын сене асырған,

                   Жер қайысқан қол ертіп,

                   Сенің жасыл жағаңда,

                   Қызылды, көкшіл ту алған,

                   Кіші жүздің елінде,

                   Талай сұлу бұралған,

                   Әрдайым келіп жағаңа,

                   Өзіңнен шәрбат су алған.

                   Жан-жануар сусаса,

                   Балқашыңда сақындап,

                   Сусыңды ішіп нәр алған,

                   Айналайын Ақбұлақ.

                   Айнала жортып жағаңда,

                   Сене артық өзенді,

                   Кіші жүзден табам ба?

                   Арудай әсем еркелеп,

                   Мың бұралған Ақбұлақ.

                   Атырауға ынтық боп,

                   Сан сыланған Ақбұлақ.

                   Сенсіз жерде көңілім.

                   Ашылмайды Ақбұлақ.

                   Саған деген құмарым,

                   Басылмайды Ақбұлақ.

                   Өлкеңде өскен азамат.

                   Жасымайды-ау Ақбұлақ.

                   Балығыңмен күн көрсе ел,

                   Ашықпайды-ау, Ақбұлақ.

                   Алабыңда туған жұрт.

                   Жұтамайды-ау, Ақбұлақ.

                   Суыңа жүзген жігіттер,

                   Жалықпайды-ау, Ақбұлақ.

                   Жағалап жүрген сені ер,

                   ТАқбұлақ.

                   Сені көрген бар пенде.

                   Торықпайды-ау, Ақбұлақ.

                   Бес жүз сарбаз бастап кеп.

                   Нияз сері екеуміз.

                   Жағаңа келіп су алғам.

                   Бозшұбар мен Күреңді.

                   Шідерлеп қойып жібергем,

                   Қашқын болып жүрсек те.

                   Жаттықтырып жасақты.

                   Шығып едік құмардан,

                   Бес жүз отыз сері ертіп,

                   Сауыт киіп сайланып.

                   Беліме семсер байланып.

                   Қару-жарақ асынып,

                   Баптап мініп шұбарды.

                   Қол басқарып жағаңда.

                   Желбіретіп ту алғам.

                   Алқабыңда сан жортып,

                   Маңдайда талай сыналғам.

                   Айналайын Ақбұлақ.

                   Суатыңа мен келіп,

                   Қос тұлпарды суарғам.

                   Қош, есен бол, Ақбұлақ.

                   Енді сені көре алман.

                   Айнала жортып жағаңда.

                   Баяғыдай жүре алман.

     Ақбұлақ әні көбіне халық әні деп жүрет, бірақ бұл әннің авторы Сегіз сері. Бұл туралы 1978 жылы қыркүйектің 18 күні Мұхамедханов Қ. «Ақбұлақ жырының шығу тарихы» атты  еңбегі «Семей таңы» газетінде жарық көрген. Мұнда «Ақбұлақ» әнінің авторы Сегіз сері екені туралы жазылған.

     Сегіз сері 1845 жылы сүйіндік арғын еліне барған бір сапарында сол елдегі Сәтпай Шөтікұлы есімді жас мырзаның әйелі жаңадан босанып, ұл табады. Сол ұлына Сәтпай қырқына дейін ат қоймаған екен. Баланың қырқына шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойылып  бата беруді өтінеді. Сәтпайдың тілегін қабыл алған Сегіз сері балаға Иманжан деп ат қойып, «Бұл баланы еркелетсеңдер Имантай деп атарсыңдар»- дер балаға  батасын береді. Сәтпай мырзаның Сегіз серіден бата алған сол баласын өсе келе әке-шешесі Имантай деп атап кетеді. Ол кейіннен қазақтың атақты ғалымы болған Қаныш Сәтпаевтың әкесі Имантай деген кісі екен.

         Сегіз серінің жұмбақ өлеңдері өте көп екен. Осыдан  бір-екі ай бұрын Ғабит Мүсірепов ағамыздың «Ұлпан» кітабын оқып отырып Есеней сұлтанның арбасын жұмбақтап айтқан өлеңін кездестірдім.

      Бір жиында аға сұлтан Есеней одан:

-         «Мына менің қазақ арбамды жұмбақтап айтшы,-деп өтінеді. Сегіз сері сонда іркілместен:

Ізі бар адамы жоқ аяғының,

Тимейді ұшы жерге таяғының,

Аяғын айуанға арта тастап,

Әніне басады екен баяғының,-

деп іркілместен жауап береді.(бұл жұмбақты Ғабит Мүсірепов өзінің «Ұлпан» атты повесінде пайдаланған).

Сегіз сері өзге өнерімен қоса үлкен шежіреші –жылнамашы да. Өзі ел аралап өлең айтып, ән салып, күй тартып, сал-серілік құрып жүргенде қазақ халқының шежіре –тарихын  да мол жинаған. Ол жинаған қазақ халқының шежіре-жылнамасы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш. Уалиханов атындағы  Тарих, археология және этнография институтының Қазақ ССР бөлімінде және Қазақ ССР көне мәдени, тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамының Орталық советінде сақтаулы тұр. Ал өлең-жырлары, қисса-дастандары, әндері, жұмбақ өлеңдері, шешендік сөздері Академияның М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба және текстология бөлімінде.

     Өмірінің соңғы кезеңдері. Сегіз сері Керей еліне мал қыстауға келген Найманның Жауғаштысы Елғұн мырзаның он жеті жасар Ырысбике деген қызымен танысып, көп ұзамай алып қашады. Ырысбике кейін балуан шеше атанған сынықшы, әнші кісі болған. Әйел алып бас құрғаннан кейін Сегіз сері өз ауылы Маманайда мұсылман медресесін ашқан, ойын-сауық үйін ұйымдастырған. Ол ашқан қолөнер шеберханасында Сегіздің жігітері зергерлікпен, өрімші, етікші,оюшы, уық, кереге, шаңырақ, кебеже жасаушы өнерімен айналысқан екен. Олар жасаған бұйымдар арқа елінде осы ғасырымыздың басына дейін келіп жеткен. Сегіз сері өз өлеңдерін, шежіре-шешендік сөздерін бастыруға талаптанып, хатқа түсірген. Бірақ ол арманы орындалмай ел жайлаудан көшкенде ауырып, 1854 жылы барыс жылы тамыз айында қайтыс болады. Денесі ақынның өз өсиеті бойынша, Дос көлінің жағасына жерленеді. Ол жер қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Докучаев атындағы совхоздың жері.

         Сегіз сері қайтыс болғанда оған арнап қырық бес ақын жоқтау шығарған. Оның бір шәкірті Қуат ақын Ырысбекұлы өз жоқтауында былай дейді:

                   Қырық бес шәкірт әр үйге,

                   Бөлініп жоқтау шығардық.

                   Сал Сегіздің ерлігін.

                   Пенде болса ұғарлық.

    Қазақ халқының аса талантты ақыны Мағжан Жұмабаев Сегіз серіге арнап 1915 жылы «Сегіз сері» атты ұзақ жырын жазғанын білеміз. Бұл дастан:

                   Шолақтан бұрын алып Сегіз өткен,

                   Айбары дұшпандарын тітіреткен,

                   Дабылын ер Сегіздің естігенде,

                   Істері ұлықтардың кері кеткен,-деп басталған.

Мағжан Жұмабаевтың «Сегіз сері» атты дастаны жайындағы мәліметті жас кезінде Қызылжар медресесінде Мағжанмен бірге оқыған шежіреші Мәлік Рамазанұлынан 1957 жылы жазда Көкшетау облысының Рузаев ауданындағы «Рузаев» совхозында кездестіріп Нәбиден Әбуталиев ағамыз жазып алған еді.

        Сегіз серінің Ырысбикеден туған Мұстафа, Мұсабек, Мұсажан, Мұсайын, Мұсахан деген бес ұлы, Бибізара есімді жалғаз қызы болған. Мұсабек, Мұсахан, Мұсажан-үшеуі жастай қайтыс болған. Мұстафа батыр әрі ақын, әрі әнші болған екен. Мұстафа әйгілі «Қамажай» әнінің авторы да. Мұстафа 1840 жылы туып, 1933 жылы  сексен үшке қараған шағында қайтыс болады.

 Мұсайын (1843-1920), Бибізара (1850-1933ж) үшеуінен біраз ұрпақ бар. Олар қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы «Троцкий» совхозында, Киров атындағы совхоздың орталығы Архангелька селосында, Преснов ауданының «Октябрьдің 60 жылдығы» совхозында тұрады.

  Мынадай екінші бір дерекке көз жүгіртетін болсақ, Петропавл қаласының тұрғыны жасы сексеннен асқан Кенжеғозин Балғожа ақсақалдың айтуынша, Сегіз серінің өз әкесі Баһрам ерте өледі. Сегіз сері жастайынан атасы Шақшақтың тәрбиесінде болған. Шақшақ биден Қаншайым есімді қыз, Сексен би, Баһрам батыр, Бауыржан би, Есенжан, Қайыржан, Шағырай сал, Жанат сері туады. Қаншайым әкесі-Шақшақпен бірге сол кездегі жаугершілікке аттанып, ел қорғаны атанған керей қызы. Шақшақ би Қаншайымды Сибан керей Жолымбеттің Еламан есімді ұлына ұзатқан. Қаншайымнан Әсіреп,  Мүсіреп, Кенжетай дейтін үш ұл туған. Осындағы Мүсіреп-белгілі жазушымыз Ғабиттің бабасы екені көпшілік біле бермеуі де мүмкін. Шақшақ бидің әкесі Көшек 1723-1758 жылдар арасындағы жат ел басқыншыларына қарсы азаттық соғысына қатысып қол бастап, батыр-сардар атанғын алған адам.  Көшектің әкесі Асқсап батыр Қарабас ұлы Толыбай сыншы  әулетінен тарайды.

        Сегіз сері шығармаларының бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиелік мәні өте зор. Ол бір өлкенің ғана емес, бүкіл қазақ халқының мақтан етер ақыны, әрі өнер қайраткері. Көп уақыт бойы  Сегіз сері еңбегі зерттелмей, назардан тыс қалып келеді. Осы өршіл талант иесі Сегіз сері (Мұхаммед-Қанафия) Баһрамұлы Шақшақов кеш те болса әдебиеттен, өнерден өз орнын алған ұлы тұлға. Ол-қазақ халқының маңдайына біткен шоқтығы биік қайталанбасбіртуар перзенттерінің бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен  

     шығармашылығын  зерттеуге арналған ғылыми –жобаның  

                                             жоспары

 

 

Р\с

Тақырыптары

Мерзімі

Зерттелуі

1.

Қазақтың сал-серілік өнері туралы

Қыркүйек

Сал-серілік өнер туралы танып білу. Нәбиден Әбуталиев «Сегіз сері» 71-72 беттер.

2.

Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірбаяны

Қыркүйек

10-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы146-147 беттер. Кенжәлиев И. «Сегіз сері», «Қазақ әдебиеті» газеті баспасынан.1978жылғы 3 наурыз. Нәбиден Әбуталив «Сегіз сері» 74-80 беттер. Серік Қосан «Сегіз сері кім?» Қазақ әдебиеті 22.09.2006. № 38. Серік Қосан «Сегіз сері Баһрамұлы Исатай-Махамбет көтерілісіне қатысқан ба?» 08.09.2006 №367

3.

Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың шығармашылығы туралы

Қазан

Нәбиден Әбуталиев «Сегіз сері» 82-132 беттер.

4.

«Гауһартас» пен «Ақбұлақ» әнінің шығу тарихы

Қараша

Нәбиден Әбуталиев «Сегіз сері» 121-132 беттер. Мұхамедханов Қ. «Ақбұлақ жырының шығу тарихы», «Семей таңы» газеті, 1978 жыл 18 қыркүйек. Жақанов И.  «Гауһар тас туралы» Орталық Қазақстан газеті, 1986 жыл тамыз айы. С. Жекеев Алматы: «Жалын баспасы» 62-бет.

 

 

       

 

 

 


Просмотров: 1224
Дата создания: 04.03.2011
Дата редактирования: 04.03.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource