Окушылар жумысы

Рассмотренных обращений: 3
Не рассмотренных обращений: 0

Соревнование, посвящённое Дню труда
Автор: Тасболатов Темирхан_9-сынып

Сұлтанмахмұт Торайғыров

                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров

          

         Орындаған: Тасболатов Темірхан

          

            Тексерген: Халым Төлеуіш

 

  

       

 

 

       

 

Жоспар:

 

І.  Кіріспе бөлімі:

     Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі.

ІІ. Негізгі бөлімі:

    1. С.Торайғыровтың шығармашылығы.

    2. «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы».

    3. «Қамар сұлу» романы.

ІІІ. Қорытынды бөлімі:

     «Қара бұлт та ашылар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданған материалдар:

 

1. Қазақ әдебиеті (10 сынып)

2. Қазақ әдебиеті (9 сынып)

3. Интернеттегі мәліметтер

 

 

 

 

   

         Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындардың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Омбы уезінің Шарғай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызыл Ту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шан аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоныр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп,  жетімдік көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң  балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда әкесінен арабша хат таныған Сұлтанмахмұт Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларынан оқиды. Мұқан молда Сұлтанмахмұттың ақындық талантын байқап, қолдап қуаттайды.

Оның жылы лебізіне ырза болған жас талант иесі Сұлтанмахмұт өзінің ұстазы Мұқанға арнап:

         Мұқаннан екі жылдай сабақ алам,

Ұйықтасам да көңілім оқуға алаң.

Лепес қып өзі бастап ақын бол деп,

Дұғасын ықыласпен берді маған, -  деп өлең шығарады.

1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Абдрахман деген молданың медресесіне түсіп, одан екі-үш жыл сабақ алады.

Молданың ұрып-соғуына шыдай алмай, Сұлтанмахмұт оқуды тастап кетеді. Ол 1911 жылы 1 қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. 

         Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауыруға шалдығады. Жаз жыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады.

Ол бала оқытудан бос уақытында өз бетімен оқумен шұғылданады, өлең жазады.

          1913 жылы Сұлтанмахмұт Троцк қаласына қацта келіп, «Айқап» журналында қызмет етеді. Оның «Оқып жүрген жастарға», «Шәкірттерге», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау»

деген өлеңдері, негізінен, осы тақырыпқа арналған.

          Сұлтанмахмұт оқудың мақсаты халыққа адал қызмет ету деп түсіндіреді. «Шәкірттерге» деген өлеңінде:

Миләттің кел де бірік, ал, жастары,

Қызмет қыл, өткір қылыш, алмастары.

Бәріміз қуат қосып, бірге тартсақ,

Анық қой надандықтың қалмастары, - деп оқу ағарту ісіне халықты өнер-білімге үйретуге белсене араласайық деген ұран тастайды.

Сұлтанмахмұттың махаббат лирикасына  «Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын», «Ақсәуле», тағы басқа өлеңдері жатады. Онда ақын жас адамның ынтықтық сезімін қыз көркі, қыз намысы жайлы байсалды ойға жеңдіреді.

Сұлтанмахмұттың заман туралы үлкен толғанысты эпикалық туындысы «Қамар сұлу» романы. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздік күйін көррсетуге құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілік тынысын, ұғым-нанымын терең бейнелеп береді. Осыған жалғас «Кім жазықты» романында да қазақ қоғамының мән-жайы, белді адамдардың бейнесі, олардың өмір жолы,  теріс тәрбиесі, мінез-құлқы жан-жақты суреттеледі. Жасынан тәрьиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де зорлық-зомбылыққа, қара күшке негізделгені әйгіленіп, «бұған кім кінәлі?» деген сұрақ қояды да,

Заман кінәлі,  ескі феодалдық заң, отбасының теріс тәрбиесі кінәлі деп жауап береді.

        Сұлтанмахмұт 1917 жылдың қазанында Семейге келген Әлихан Бөкейхатовты қарсы алып, желтоқсанда өткен Аоашорда партиясының съезіне қатысушылардың ішінде болады. Оның «Әлиханның Семейге келуі»  атты Сарыарқа газетінде мақаласы жарияланады. Онда халықтың Алашорда көсемін қалай қарсы алғанын көрсету арқылы олар көтерген автономиялы мемлекет болу идеясын қазақ қауымының жаппай қолдағанын көрсетеді. Сұлтанмахмұттың өзі «Алаш ұраны» атты өлеңін жазып, патшаның тақтан құлауына, елдің дербес автономия алуына тілектестік білдіріп, үн қосады.

            Алаш туы астында,

            Біз – Алаштың баласы.

Күніміз туып көгерді,

Сарыарқаның даласы.

Құр аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

 Елімізді лайлаған,

Жерімізді шимайлаған,

Өшті залым қарасы,  -  деп Алаш ісіне адалдығын білдіріп, оны қолдауды уағыздап, елді бірлікке,  ел тұтастығы үшін күреске шақырады.

          Сұлтанмахмұт 1918 жылдың қысында Абай елінде болып, «Таныстыру» атты поэмасын жазады.Онда Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды Алаш партиясы қайраткерлерінің қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы жалынды еңбегін зор бағалап:

Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,

Демейді қандай оны оң көзі.

Семей тұрсые, жеті облыс бар қазақтан

Толассыз жеке дара тұр ғой өзі, - дей келіп,  шең-шекпенге сатылмай, елі-жұрты үшін түрмеде азап шегіп, халық бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен көсем екенін айтады.

           Сұлтанмахмұт ана тілін қастерлеуге де баса көңіл бөледі.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнің.

          Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

          Еркелеткен, «құлыным, жаным»  деп

          Сол тілменен бірінші білгізілген,

           «Ана» деген сүйгендік сөз әніменен, - деген өлең жолдары дәл бүгін де өзектілігі кемімеген ой десе де болғандай.

             Сұлтанмахмұт аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған)  әлде неше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, бес-алты поэма беріп кеткен, қазақ поэзиясы мен  прозасын жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер реалист ақын болып табылады.

 

«Қамар сұлу» романы.      «Қамар сұлу» - өзінің тақырыбы мен

көтерген әлеуметтік мәселері аса маңызды шығарма. Жазушы өз кезіндегі қазақ әйелдерінің теңсіздігін тақырып етіп алған.

Сұлтанмахмұт қалың мал мәселесін сөз ете отырып, онымен арпалысқан Қамар сияқта оқыған қыздардың әрекетін баяндайды.

Жазушы – адам құқығын қорғаушы, әділетсіздікті, зорлық-зомбылықты айыптаушы ретінде әдебиет схынасына шығады.

              Романның негізгі идеясын Сұлтанмахмұт әр қилы тағдырлар түйісі, образдар қақтығысы арқылы ашады. Ол тартыс Қамар, Ахмет, Омар, Жорға Нұрым, Қалтай қажы, Оспан би, және дін өкілдері тобы арасында жүреді.

               «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп Сұлтанмахмұт қара басындағы міндетті ғана айтып қойған жоқ, өз халқына ем табу, көз жасын тию, теңсіздікті, өнерсіздікті, мұқтаждықты жою, сөйтіп халықты ерікті, мәдениетті,  бақытты етуді айтады.

       «Сұлтанмахмұт мейлінше зерек. Алғыр, мейлінше пайымшыл болды. Ол  алты жасында хат таныды, ер жеткен соң орыс тілін, орыс әдебиетін, бірсыпыра пәндерді, қоғамдық әлеуметтік мәселелерді өздігінен оқыды...    Ол кітапты көп оқитын болды.

Ол көбінесе ғылым иелерінің, ақыл-ой кемеңгерлерінің, философтардың шығармаларын оқыды, тарих, саясат туралы мәнді, бағалы ой-пікір айтты»,  -  дейді Б.Кенжебаев ағамыз.

 

Сұлтанмахмұттың бұл мінездерін оның оқу іздеп, қазақ даласының  ой-қырын кезуінен, оқу үшін талай қиындыққа төзуінен ақ байқаймыз. Бар мақсаты оқу, өнер болған ақын, осы тақырыпта бірнеше өлеңдер жазады. «Оқу», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», « Неге жасаймын», « Көш», «Қымыз», т.б.

Қанша ізденіп, қанша талаптанса да жоқшылық оның қолын байлайды, аяғына тұсау болып шырмала береді.

Малдық, маскүнемдік, қарны тоқтық,

Деуші едім неге керек дүние боқтық.

Қазақтың қаны, жаны сонда екен ғой,

Діңкемді міне құрттың әттең жоқтық, - деп Сұлтанмахмұт көп қайғырады.

Өз халқын надандықтың қара түнек тұңғиығынан арылтып,

тезірек жарқын болашаққа қарай талпынтса деген адал көңілін білдіреді.

 «Тұрмысқа»  деген өлеңінде :

              Ден сау болса, тағдырдың

Көкке ұшырам күлдерін!

Түлентемін гүлдерін.

Жігермен талап еткен соң,

Қоям ба екен сүлдерін? – дейді өр ақын.

         «Сұлтанмахмұт ақкөңіл, әркімді өзіндей көретін, біреудің бойындағы мінін, оғаш мінезін, қате, теріс пікірін бетің бар, жүзің бар демей , ашық айтатын, айтқанынан қайтпайтын ьір беткей, өз намысын ешкімге бермейтін өжет, келешекке сеніммен қарайтын жан болды»  - дейді Б.Кенжебаев.

 


Просмотров: 1373
Дата создания: 26.05.2011
Дата редактирования: 26.05.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource