Устаздар жумысы

Рассмотренных обращений: 3
Не рассмотренных обращений: 0

Мектепалды лагері
Автор: Мекебай Назгул

Казак тілі

Тіл туралы Заңның орындалуы туралы

 

       Абай атындағы орта мектебі мемлекеттік тілдегі білім ошағы . Сондықтан да   мемлекеттік тілдің мәртебесін  көтеру мақсатында мемлекеттік  тіл  бағдарламасына  сай жұмыс атқаруда.  Тілдің қолданылу аясы мен оны дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерінде сараланған айқындама негізінде мемлекеттік тілдің әлеуметтік- коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту жолында тіл бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  құрылған жоспарлар бойынша іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылады . Мектебімізде әр жыл сайын 22- қыркүйек Қазақстан халықтары тілдері күні атап өтіліп , үш тұғырлы тілдің үндестігіне ерекше мән беріледі .  Тілдер мерекесіне орай алдын-ала арнайы жоспар құрылып , соның негізінде жұмыс жасалады . Мектепте қазақ тілінің онкүндігін өткізу барысында ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары әр түрлі формада ұйымдастырылады. Оқушылар арасында әр жыл сайын  түрлі номинация бойынша Мұхтар Шаханов оқулары өткізіліп ,  үздік шығармалар айқындалады. Өз шығармасы, ақын өлеңдерінен мәнерлеп оқу , ақын өлеңдеріне жазылған әндерді нақышына келтіре орындау сияқты номинациялар қарастырылады.  Үздік деп танылған шығармалар аудандық « Аршалы айнасы » газетінде жарияланады .  Тілдің үш тұғырлылығына үн қосып жүрген оқушылар арасында  топтық сайыстар ұйымдастырылады. Тілдер мерекесіне орай тілдің кешегісі мен бүгінгісі және ертеңгі тағдыры жайлы ұрпаққа толыққанды түсінік қалыптастыру мақсатында пікір таластар , дөңгелек  стол , танымдық кештер өткізіледі .  Онкүндікті қорытындылау барысында арнайы сценарий құрылып , белсене қатысқан оқушылар мен үздік шығарма иелеріне марапаттаулар тапсырылып , концерттік бағдарлама көптің назарына ұсынылды . Тіл мәселесі бойынша ерекше атап өтер өзекті мәселе әр жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін –Абай ,  Шәкәрім оқулары .Бұл шараға биылғы жылы қатысқан  оқушыларымыздың ішінен 9- сынып оқушысы Бекболат Ақжан  сайыстың «  Жүрегім әнді ұғады » номинациясы бойынша аудан көлемінде топ жарып, облысқа үлкен дайындықпен барып , қатысып қайтты. Сондай-ақ   облыстық қазақ тілі  олимпиадасына 11- сынып оқушысы Семсерхан Сайрангул қатысып , ІІІ жүлделі орынды иеленіп , мектебіміздің мерейін көтерді . Мектебіміздегі  тіл жанашырлары дарынды балалармен үнемі тұрақты түрде жұмыс жасалынып , олардың жүрекжарды өлең , шығармалары аудандық басылымға жарияланып тұрады . Оларды атап өтсек , Ермурат А , Болатхан А , Бекмурат Р , Оралжан Қ, Самалхан А , Жанат А  , Асқар А т.б.  Тіл мамандары  тіл тағдырына зор көңіл бөліп , тіл жанашырларын ақын –жазушылардың тың туындыларымен таныстырып , ойларын ортаға салдырып пікір таластар ұйымдастырып  отырады .  Тіл мәселесін тек құр сөзбен ғана емес  , күнделікті сабақ барысында ұлттық болмыспен сабақтастыру негізінде  тілдің қолданылу аясын кеңейте түседі . Осы негізде ұлттық құндылықтарды дәріптеп , тіл мен ділдің ажырамас айқын біртұтастығын  ұлттық психологиялық тұрғыда қарастырылады.  Тәуелсіздік алғалы өткір мәселе ретінде қаралып келе жатқан ана тілінің тағдырына , оның толыққанды мойындалуына ерекше ден қойып келе жатқан біздің ұстаздар қауымы ұрпақты «тілін білмеген тегін де білмейді» деген хағидамен тәрбиелеп , әрбір өткізген іс-шараларында, ұйымдастырған жұмыстарында тіл мәселесін назардан тыс қалдырған кезі кездеспеген және кездеспейді де . « Тіл –ұлттың ұлы игілігі » демекші бүгінгі  ұрпақтың тілін ала шұбарламай , болашағына сол қаз-қалпында, кешегі бабалардың тап- тазатілі  күйінде жеткізуі жолында педагогикалық ұжым әркез жалықпай жұмыс жасап , тілдің өркен жайып дамуы үшін үлес қосары сөзсіз !

.

 


Просмотров: 388
Дата создания: 25.01.2011
Дата редактирования: 25.01.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource